"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
- Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
- Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісімімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
- Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және оларды құжаттар келіп түскен күні уәкілетті органның басшысына орындау үшін жібереді;
3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және 1 (бір) сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны уәкілетті органның басшысына жібереді;
5) уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тіркеуді жүргізеді.
- Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және оларды орындау үшін құжаттар келіп түскен күні уәкілетті органның басшысына жібереді;
3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және 1 (бір) сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;
кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны уәкілетті органның басшысына жібереді;
5) уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоюға жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тіркеуді жүргізеді және оны портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
- Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
- Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
- Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
- Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
- Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Жер учаскесін жеке меншікке |
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2 2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
5 (бес) жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі |
электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады. 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады: 1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш; 2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар порталға мыналарды ұсынады: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш; 2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
|
"Жер учаскесін жеке меншікке | |||
__________________әкімі | |||
(облыстың, қаланың, ауданның, | |||
кенттің, ауылдың, ауылдық | |||
округтің) | |||
____________________________ | |||
(аты, әкесінің аты (бар болса), | |||
тегі) | |||
_________________________ | |||
(жеке тұлғаның аты, әкесінің | |||
аты (бар болса), тегі) | |||
____________________________ | |||
____________________________ | |||
(жеке сәйкестендіру нөмірі) | |||
____________________________ | |||
(жеке тұлғаның жеке басын | |||
куәландыратын құжаттың | |||
деректемелері, | |||
____________________________ | |||
____________________________ | |||
байланыс телефоны (бар болса), | |||
____________________________ | |||
тұратын мекенжайы) | |||
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға өтініш
_____________________________________________________________________үшін
(жер учаскесінің нысаналы мақсаты)
_______________________________________________________________________
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))
_______________________________________________ мекенжайында орналасқан
ауданы ____________ гектар жер учаскесіне ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу
арқылы жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),тегі),
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы
"Жер учаскесін жеке меншікке |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:
_____________________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):
_______________________________________________________________________
(тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы
бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары
арқылы)
Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________
(басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), қолы/электрондық цифрлық
қолтаңбасы)
20 жылғы " "