«Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Ministry of Finance of the Republic of Kazakhstan

    «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы»

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

    2018 жылғы 7желтоқсандағы№ 1060

    бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабының 1 және 2-тармақтарына, 133-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: »;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабына сәйкес әзірленген және деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу тәртібін айқындайды.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Өтініште:

    салық төлеушінің бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуын автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданумен қазақ және (немесе) орыс тілдерінде бухгалтерлік және салықтық есепке алуды;

    салық міндеттемелерінің орындалуын ішкі бақылау жүйесінің болуы туралы мәліметтер көрсетіледі.»;

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Келісімді бұзу салық төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген, жазбаша нысанда хабардар ету жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай бұзу Келісімді бұзуға дейін салық есептілігі жекелеген салықтар және төлемдер бойынша берілген салық кезеңіне деңгейлес мониторинг нәтижелерін жоққа шығармайды.»;

    көрсетілген Қағидаларға осы бұйрыққа қосымша 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабына сәйкес әзірленді және деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Лауазымы

    Аты-жөні

    The draft order is developed in Kazakh and Russian languages, while translation into English is not provided.

    Related materials

    Information

    Actual tax and payment receipts in the State Budget by region for the first 5 months of 2026

    Actual tax and payment receipts in the State Budget by region for the first 5 months of 2026 This information is developed in Kazakh and Russian languages, but translation into English is not provided.

    MF RKPublished:
    Information

    Dynamics of revenues to the national fund for 5 month 2026 by region

    Dynamics of revenues to the national fund for 5 month 2026 by region

    MF RKPublished:
    Information

    Dynamics of revenues to the national fund for 5 month 2026 by BCC

    Dynamics of revenues to the national fund for 5 month 2026 by BCC

    MF RKPublished:
    Information

    Dynamics of tax and payment receipts in the State Budget for the first 5 months of 2026

    Dynamics of tax and payment receipts in the State Budget for the first 5 months of 2026 This information is developed in Kazakh and Russian languages, but translation into English is not provided.

    MF RKPublished:
    gov.5n.kz

    We analyze open data and publications from official sources. Materials are collected in one feed for fast search and monitoring.

    © 2026 gov.5n.kz. Information and analytics portal about the state.