Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес, Обаған ауылында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 23 маусымдағы сағат 10.00-ге шақырылады.
Кезектен тыс сессия отырысының онлайн-трансляциясы әлеуметтік желілерде жүргізіледі.
Сессия күн тәртібінің жобасына келесі мәселе енгізілді:
- мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Отырыс ZOOM платформасы арқылы өтеді.
Қосымша ақпарат үшін нықтама телефоны: 34-2-57
Алтынсарин аудандық
мәслихатының төрағасы С. Мусапирова