Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 2025 жылдың III тоқсанында заңды және жеке тұлғалардан 2982 өтініш келіп түсті. Өтініштердің басым бөлігі салықтық және кедендік әкімшілендіру, оңалту және банкроттық, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелеріне қатысты болды.
Түскен 2982 өтініштің 2609-ы қаралды, оның ішінде 1623-і әкімшілік рәсім тәртібімен, 986-сы жеңілдетілген тәртіппен қаралды.