Жердің жылдық есебіне сәйкес Абай облысының аумағы 18,5 млн га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлер 9,2 млн га ( оның ішінде: егістік – 806,7 мың га, тыңайған жерлер – 112,0 мың га, шабындықтар-247,3 мың га, жайылымдар – 7935,6 мың га және басқалар); елді мекендер – 2,4 млн га; өнеркәсіп, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер-103,4 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи - мәдени мақсаттағы жерлер – 851,4 мың га; су қорының жерлері – 82,1 мың га; босалқы жерлер-5,9 млн га.
Жер пайдаланушылардың жалпы саны 164,0 мың.
Облыс аумағында 10,2 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорны орналасқан, оның ішінде: 9 820 ш/қ, ф/қ, мал шаруашылығы бірлестіктері (азаматтар); 425 ЖШС, ӨК және т.б. (ұйымдар).
Абай облысы бойынша 2024 жылға арналған пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жоспар кезінде аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп қайтару бойынша 110 мың га, мемлекеттік меншікке
121,1 мың га қайтарылды. Жоспар 110 % орындалды.
Өткен 2022 жылы 84,7 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды, 2023 жылы 255,5 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері.
Жайылымдық жерлермен халықтың мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында, жайылымдардың жаңа алаңдарын айналымға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс бойынша 521,0 мың га, жоспар бойынша 92,6 мың га жайылым айналымға енгізілді, оның ішінде конкурс негізінде 91,8 мың га берілді, ауылдық округтер мен елді мекендерге 0,8 мың га бекітілді.
Өткен 2023 жылы жоспар бойынша 512,0 мың га, ауыл шаруашылығы жерлері 306,4 мың га айналымға енгізілді.
Бүгінгі таңда Абай облысының 7 ауданында (Абай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандарында және Жаңасемей, Мақаншы аудандарында) ауылдық елді мекендер тұрғындарының өз сауын мал басын жаю бойынша жайылымдық жерлер тапшылығы бар.
Мәселен, есеп бойынша елді мекендерде ұсталатын 362,9 мың шартты бас ауыл шаруашылығы жануарларына (ІҚМ, ұсақ мал, жылқы/түйе), қажетті жайылым көлемі – 2,5 млн га. қажеттілік 404,8 мың га құрайды.
Ауылдық елді мекендер тұрғындарының өз сауын мал басын жаю бойынша тапшылық шалғайдағы мал шаруашылығы үшін босалқы жерлерден жер учаскелерін беру, қайтарылған жерлерді айналымға тарту арқылы қанағаттандырылады.
Бүгінгі таңда Абай облысында жер учаскесін алуға кезекте 38 432 адам тұр, оның ішінде Семей қаласы бойынша 29 753 адам, Курчатов қаласы бойынша -
1 163 адам.
2022 жылдан бастап (Абай облысы құрылған кезден бастап) қазіргі уақытқа дейін ЖТҚ үшін 459 жер учаскесі берілді, оның ішінде Семей қаласында – 109 учаске, Абай ауданында – 87, Аягөз ауданында - 43, Бородулиха ауданында - 20, Жарма ауданында – 4, Көкпекті ауданында – 33, Үржар ауданында - 49
(Мақаншы ауданымен), Ақсуат ауданында -114.
Қазіргі уақытта Семей және Курчатов қалаларында учаскелерді бөлуге дайындалған алаңдардың болмауына байланысты ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру жүзеге асырылмайды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Басқарма жер комиссиясының 15 отырысын ұйымдастырды.
Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін және қорғаныс мұқтаждары үшін жер беру туралы қаралған өтініштердің жалпы саны 111 құрады, оның ішінде оң қаралды – 43 (ТПИ, ОПИ), қорғаныс мұқтаждары үшін – 2; теріс – 66.
Басқарма келесі нормативтік-құқықтық актілерді әзірледі:
- «Абай облысының аудандары мен Семей қаласының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы» Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихатының шешімі (Жаңасемей және Мақаншы аудандарының құрылуына байланысты);
- «Абай облысының облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында, кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихатының шешімі;
-Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихатының шешімі «Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы»;
- Абай облыстық мәслихатының шешімі «Абай облысының Семей қаласында бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы».
Басқарма, Үржар ауданы әкімдігінің, «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ қызметкерлерімен бірлесіп Абай облысы бойынша туристік аймаққа, әсіресе Алакөл көлінің жағалауына жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша бүгінгі күні тиісті шаралар қабылдау үшін бұзушылықпен пайдаланылатын және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару үшін Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне 195 тексеру актісі берілді. Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің мәліметтеріне сәйкес 34 субъектіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 59 субъектіге қатысты тиісті шаралар қабылданды және 12 субъект бойынша тексерулер жүргізу туралы хабарламалар жіберілді.
Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектілері нақты болмаған кезде азаматтарға меншік құқығын заңсыз беру фактілері анықталды, бірақ объектіні пайдалануға қабылдау туралы актілері бар (11 жер учаскесі), материалдар Департаментке тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды, оған сәйкес Департамент 11 субъектінің атына алдағы тексеру туралы хабарлама жіберілді. Хабарламаның сәтті тапсырылуына байланысты субъектіге жоспардан тыс тексеру жүргізу жоспарлануда.
Семей – Ақтоғай («Бақты –Аягөз» т/ж) темір жол учаскесіне және Бақты ауылы ауданындағы құрғақ портқа шыға отырып, Қазақстан-қытай шекарасында үшінші шекаралық темір жол өткелін салуға қатысты Абай облысының әкімдігі 2024 жылғы 29 қарашадағы № 227 «Бақты- Аягөз темір жолын салу үшін жерлерді резервте қалдыру туралы» қаулы қабылдады.
Қабылданған қаулыға сәйкес, 5 жыл мерзімге жалпы ауданы 10 506,3 га жер учаскелері, оның ішінде мемлекеттік меншікте 5 911,7 га және бөгде құқық иеленушілердің жерлері 4 594,6 га, Аягөз, Үржар және Мақаншы ауданының әкімшілік шекараларында резервтелген.