«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынының 113-5 бабы, 9-тармағына сәйкес, Қазалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 маусымдағы №29/76, №30/77 және №31/78 шешімдерімен 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Қазалы ауданының Бозкөл ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар болып тіркелді:
- Бөлебай Ақылбек Бекқожаұлы – 1964 жылы туған, қазақ, Бозкөл ауылдық округінің әкімі. Бозкөл ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Кәрібай Самалхан Ерғалиұлы – 1977 жылы туған, қазақ, «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №238 орта мектебі» КММ директорының орынбасары, Тасарық ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
- Сүлейменов Нұрлыбек Байқараұлы – 1977 жылы туған, қазақ, Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының «Абай ауылдық клубы» МКҚК меңгерушісі. Әйтеке би кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсынған.