Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және «Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімнің заңда белгіленген өкілеттігі тоқтатылуына байланысты, Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы №44/88 қаулысы мен Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы №24/98 «Аршалы ауданы Аршалы кенті және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес, Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.
Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары
Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Михайлов сайлау округі Михайлов ауылдық округінің шекарасында.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Аршалы кенті, Ж.Тәшенов көшесі 47 (Аршалы кентінің Жастар орталығы), 2 каб., тел. 8(71644) 2-18-80
комиссия төрайымы – Акубасова Сауле Барлыбаевна;
төрайымның орынбасары – Темербеков Айдар Сансызбайұлы;
комиссияхатшысы – Граф Ксения Александровна;
комиссия мүшелері: Андрух Елена Анатольевна, Асанова Людмила Сабировна, Ниевина Татьяна Васильевна, Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы