2026 жылғы 1 сәуір жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 1 071,5 млрд. теңге сомасында қамтамасыз етілді немесе жоспар 144,1% орындалды (жоспар 743,4 млрд.теңге). 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер 367,5 млрд.теңгеге, немесе 152,2% өскен (оның ішінде Республикалық бюджет 349,3 млрд.тг немесе 183,8%; жергілікті бюджет 18,2 млрд.тг немесе 106,3%).
Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ең жоғары түсімдері ҚР аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге қосылған құн салығы (149,0 млрд.теңгеге), РФ мен Беларусь Республикасының аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС қоспағанда, ҚР аумағына импортталған тауарларға қосылған құн салығы (25,6 млрд.теңгеге), мұнай секторындағы ұйымдардан түсетін кірістерді қоспағанда, резидент заңды түлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы (22,8 млрд.теңгеге), төлем көзінен салық салынатын табыс бойынша жеке табыс салығы (11,7 млрд.теңге), төлем көзінен салық салынбайтын табыс бойынша жеке табыс салығы (8,3 млрд.теңгеге), әлеуметтік салық (8,0 млрд.теңгеге).