Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы
Оңалту рәсімдерін, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, банкроттық iс жүргiзу және бақылау жүргізуге заңмен белгіленген тәртіпте Департамент құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асырады.
1)кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды және банкроттықты басқарушы етіп тағайындайды;
2) қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламалары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген адамдар ішінен қаржы басқарушысын тағайындайды.
3) оңалтуды және банкроттықты басқарушыны шеттетеді;
4) оңалту рәсімін, банкроттық рәсімін, төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді және Қазақстан Республикасы азаматтарының банкроттығын жүргізуді мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинаудың және банкроттық рәсімнің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсімнің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарайды;
6) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекітеді
7) борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) осы Заңда көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келіседі;
9) жалған және әдейi банкроттық белгiлерiн анықтайды;
10) әкiмшiнiң iс-әрекеттерiне жасалған шағымдарды қарайды;
11) осы Заңның 7-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезінде жасалған мәмiлелердi анықтау бойынша шаралар қолданады;
12) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды;
13) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді;
14) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшінің шешiмдерi мен әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) сотта даулайды;
15) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді;
16) уәкілетті органның интернет-ресурсында оларды банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген банкроттардың тізімін жариялайды;
17) тұлғалар жіберген қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар, осындай хабарламаларды жіберу шарттары туралы мәліметтерді уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
18) өздеріне қатысты осы Заңда көзделген рәсімдер қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
19) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
20) борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;