Терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімі
Жалпы ақпарат
- 1) Қызылорда облысы әкімінің терроризмге қарсы облыстық комиссия төрағасы ретіндегі қызметін қамтамасыз ету;
2) Басқармада заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
3) Басқарманың құзыреті шегінде арнайы және құқық қорғау органдарымен, өзге де мемлекеттік және бюджеттен қаржыландырылатын мекемелермен өзара әрекеттесу;
4) Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссияның қызметін қамтамасыз ету.
5. Құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлім:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
төменгі тұрған комиссиялардың жұмысын жетілдіру мақсатында оларды тексеруге;
терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесіне тартылатын жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерін біліктілік көтеру курстарына жіберуге ұсыныстар енгізуге;
аумақтағы жалпы ахуалға талдау жасаумен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы профилактиканы, террористік актілердің салдарын азайту және жою бағыттарындағы жұмыстарды жетілдіруге ұсыныстар енгізуге;
республикалық Терроризмге қарсы орталығының облыста терроризмге қарсы іс-қимылды ұйымдастыру мен жетілдіру мақсатында қабылдаған шешімдері мен енгізген ұсыныстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;
терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық штабымен жүктелген міндеттерді өз құзыры аясында жүзеге асыруға;
жеке және заңды тұлғалардың Бөлімге жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыйлық берудің қолданылып жүрген жүйесін және бар мүмкіндіктерді ескере отырып, Терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімі қызметкерлеріне қосымша материалдық ынталандыру белгілеуге ұсыныс беруге;
Басқармаға бөлінген бюджет қаражатының шегінде Бөлімнің тиімді және сапалы қызметі үшін заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөніндегі мерзімді баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетімен, сондай-ақ, жаңартылып отыратын нормативтік құқықтық актілердің электрондық қорымен қамтамасыз етуге ұсыныс беруге;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және әділет органдарында, сондай-ақ өзге органдарда Бөлім қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру мақсатында тағылымдамадан өткізу жөнінде ұсыныс беруге құқылы;
2) Бөлім:
Қызылорда облысы әкімінің қызметін терроризмге қарсы комиссияның аппараты тұрғысынан қамтамасыз етуге;
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға;
Қызылорда облысы әкімінің арнайы органдармен жұмысын ұйымдастыруға міндетті.
6. Функциялары:
1) терроризмге қарсы комиссия жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді;
2) терроризмге қарсы комиссияның отырысын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді;
3) терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін орындауды бақылау жөніндегі оның қызметін қамтамасыз етеді;
4) облыста терроризмнің алдын алу саласындағы ахуалдың дамуына ықпал ететін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де процестер туралы ақпаратты талдайды, оның көріністеріне жәрдем ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын тұжырымдайды;
5) терроризмге қарсы комиссияның Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
6) төмен тұрған терроризмге қарсы комиссия аппараттарының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
7) облыстық терроризмге қарсы комиссиясының жұмысын үйлестіру мен бақылау бойынша облыстық терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;