Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы
Жалпы ақпарат
Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Абай облысының аумағында сәулет, қала құрылысы қызметі және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толыққанды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды орнықты дамыту; жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ облыстың жер ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.