Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының әкімшілік-қаржылық бөлімі

    Административно-финансовый отдел Управления по делам религий города Алматы
      1. Міндеті: басқарманың міндеттеріне сәйкес мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру. Басқарма қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің бақылау актілерін, қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін уақытылы және сапалы орындау.

      Функциялар:

      1) Алматы қаласы әкімінің аппаратымен және басқармалармен, басқа да мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      2) Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқауларын орындау;

      3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған және басқа да ұйымдармен хат алмасуды жүргізу;

      4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Алматы өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

      1. Міндеті: бухгалтерияны жүргізу.

      Функциялар:

      1) Басқармада бухгалтерлік есеп жүргізу;

      2) Бухгалтерлік және өзге де құжаттарды жүргізу;

      3) Басқарманың бюджеттік өтінімін қалыптастыру.

      1. Міндеті: Басқарманы материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

      Функциялар:

      1) Басқарманың мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыру.

      1. Міндеті: Басқарманың іс жүргізу және құжат айналымы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.

      Функциялар:

      1) Кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу, хаттарды орындаудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылау;

      2) Басқарманың іс қағаздарын жүргізу.

      1. Міндеті: Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.

      Функциялар:

      1) Құқықтық мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіппен соттарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма мүдделерін білдіру;

      2) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау;

      3) Тауар-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу;

      1. Міндеті: Басқарманың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

      Функциялар:

      1) Прокурорлық реттеу актілеріне материалдар мен жауаптарды, ҚР Әділет органдарының өтініштерін дайындау;

      2) Басқарма қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру.

      1. Міндеті: Нормативтік құқықтық актілердің және басқарманың құқықтық сипатындағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

      Функциялар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, Басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      2) Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Басқарма құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша басқарма атынан түсініктемелер дайындау;

      3) Нормативтік құқықтық сипаттағы басқарма әзірлеушісі болып табылатын Алматы қаласы әкімі мен әкімдігі актілерінің, кадр және ұйымдастыру-өкімдік мәселелері жөніндегі басқарма басшысы құқықтық актілерінің, нормативтік құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін сараптау және басқарма басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша құжаттар дайындау.

      1. Міндеті: Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

      Функциялар:

      1) Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

      2) Мемлекеттік органның кадрларға қажеттілігін талдау және жоспарлау,

      оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша;

      3) Мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру;

      4) Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) жүргізу.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.