Әкімшілік-өндірістік бөлім
Басқарманың қызметін ұйымдастыру. Басқармада кадрлық іс жүргізу және мұрағат ісі бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік органда қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту. Басқарманың ведомстволық бағынысты мекемелерінің кадр жұмысын үйлестіру.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу, негізгі қорлар мен айналым қаражатының, еңбек және қаржы ресурстарының сақталуын және тиімді пайдаланылуын, мемлекеттік бюджетке, банктердің жеткізушілері мен мекемелеріне міндеттемелер бойынша төлемдердің уақтылығын қамтамасыз ету, Басқарма басшылығын және басқа да мүдделі тұлғаларды мемлекеттік мекеменің қаржылық жағдайы туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету. Белгіленген тәртіппен және көзделген мерзімдерде бюджеттік, салықтық, статистикалық есептілікті жасау және ұсыну. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзу.
Бөлім басшысы |
Пивоварова Светлана Александровна |
55-18-02 |