Маңғыстау облысының Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімі
Әкімшілік-құқықтық бөлімі Департамент қызметін жоспарлауды, ұйымдастыруды және талдауды қамтамасыз етеді; Департаменттің кадрлық саясатын жүзеге асырады; Қызметтік құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің уақытылы және сапалы қаралуын ұйымдастырады; Қызметтік тексерулер жүргізеді; Кадр мәселесіне қатысты комиссиялар жұмысын, оның ішінде конкурстық комиссиясы, Департамент және аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің қызмет өткерген жылдарын анықтау туралы комиссиясы, Департаменттің тәртіптік комиссиясы жұмысын ұйымдастырады; Құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізуді және жетілдіруді, құжаттармен жұмыс істеуде қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдануды, Департаменттің құрылымдық бөлімдерінде құжаттармен жұмыс істеуге әдістемелік басшылық жасау мен белгіленген тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Бөлімнің өкілеттігі шегінде жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бағытында әдістемелік нұсқаулар және ұсынымдар жобаларын дайындайды; Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, өңірлік нормашығармашылықты үйлестіреді.