«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады, мемлекеттік шығыстар, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы операторлық функцияларды қоса алғанда, көрсетілетін қаржылық қызметтер саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Қоғамның мақсаты білімнің қолжетімділігін, бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және мемлекеттің азаматтар алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін мемлекеттік білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды қаржылық сүйемелдеудің тиімді және орнықты жүйесін құру болып табылады.
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының негізгі функционалы:
1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеу жөніндегі оператор;
2) Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханаларда орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі оператор;
3) Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі оператор;
4) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің операторы;
5) Қаржы ұйымдары берген білім беру кредиттері бойынша мемлекет атынан кепілгер;
6) Жас мамандар мен философия докторларының (PhD) өздерінің жұмысын істеп бермеген жағдайда жұмысын істеп беру және бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі міндеттерін орындауларының сақталуына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі оператор;
7) Бұдан бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттерді қайтару жөніндегі сенім білдірілген агенті;
8) Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушыларжың қызметін үйлестіруші.
Сайт: https://fincenter.kz/