«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы

    Жалпы ақпарат

    «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасын іске асыру шеңберінде банктерге балансты «жұмыс істемейтін» қарыздардан «тазарту» процесінде жәрдем көрсету үшін құрылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады.

    Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының банк секторының кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.

    «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі түрлері:

    1) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың жұмыс істемейтін активтерін сатып алу;

    2) сатып алынған активтерді басқару;

    3) сатып алынған активтерді сауықтыру және сату арқылы экономикалық айналымға тарту;

    4) Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе Президентінің Жарлығымен қабылданған, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ұлттық экономиканы сауықтыруға бағытталған арнайы бағдарламаларды іске асыру.

    Сілтеме: https://fpl.kz/

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.