«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлiк қоғамы
«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлiк қоғамы азаматтардың жекешелендіру купондары үшін жекешелендірілетін кәсіпорындардың акцияларын сатуды есепке алу, республикада мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесін автоматтандырылған және ақпараттық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады.
Негiзгi мақсаты мемлекеттiк меншiкті есепке алуды ұйымдастыру және жүргiзу, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметі, астық қолхаттары бойынша тiркеу қызметі, қаржылық есептiлiк депозитарийiн жүргiзу, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторының қызметі болып табылады. Негiзгi мақсаты мемлекеттiк меншiкті есепке алуды ұйымдастыру және жүргiзу, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметі, астық қолхаттары бойынша тiркеу қызметі, қаржылық есептiлiк депозитарийiн жүргiзу, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторының қызметі болып табылады.Негiзгi мақсаты мемлекеттiк меншiкті есепке алуды ұйымдастыру және жүргiзу, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметі, астық қолхаттары бойынша тiркеу қызметі, қаржылық есептiлiк депозитарийiн жүргiзу, мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторының қызметі болып табылады.
«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлiк қоғамы қызметінің негізгі түрлері: «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлiк қоғамы қызметінің негізгі түрлері:«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлiк қоғамы қызметінің негізгі түрлері:
1) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, енгізу және жаңғырту жөніндегі жобаны басқару;
2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз қызмет жасауын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының жұмыс істеуін және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға электрондық қызметтер көрсету;
5) мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушылардың мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсету;
7) мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру кезінде техникалық жобаларды басқару функцияларын жүзеге асыру;
8) есепке алу объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
9) тізбесін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін немесе оларға қатысты мемлекет, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыру;
10) уәкілетті органның лицензиясынсыз аударым операцияларын жүзеге асыру: электрондық нысанда мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып сауда-саттық жүргізуге байланысты операцияларға қызмет көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемдері мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің оған сенімгерлік басқаруға берілген активтерін тиісті пайдалану жағдайында ұстау;
12) өзіне сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жекеше әріптестерге берілген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мониторингі жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
13) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің оған сенімгерлік басқаруға берілген активтері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне мәліметтер енгізу;
14) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторының қызметі.
Сілтеме: https://iuc.kz/ ; е-qazyna.kz