«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ Жаңаөзен қаласының Терроризмге қарсы комиссиясы
Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін Маңғыстау облысының Терроризмге қарсы комиссиясының үйлестіруі бойынша қалалық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан, ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанындағы Жаңаөзен қаласының терроризмге қарсы комиссиясы (бұдан әрі – терроризмге қарсы комиссия) қалалық мемлекеттік органдарының терроризмнің алдын-алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Терроризмге қарсы комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасы Конституциясы, конституциялық заңдары, заңнамалары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.