«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

    Об отделе

    «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сәулет және қала құрылысы бөлімі) Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Сәулет және қала құрылысы бөлімінің ведомстволары жоқ.

    Сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, атауы қазақ тілінде жазылған мөрі бар.

    Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мақсаттары:

    - заңнамада белгіленген тәртіппен қаланың бекітілген бас жоспарын, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

    - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына жататын мәселелер бойынша объектілерді, кешендерді орналастыру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар, қаулылар дайындау;

    - қала аумағындағы және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу;

    - Теміртау қаласы және Ақтау кенті аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызметерді көрсету сапасын арттыру.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.