ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ-дағы РМК

    Жалпы ақпарат

    Аса ірі ғылыми жетістіктері, соңғы жылдар.

    Бифидумбактериннің капсула түріндегі формасын, Димицил мен Биолакт биологиялық белсенді қоспаларын, сондай-ақ жемдік қоспалар Aminor-St, Биокар мен Лак-Сил, мал шаруашылығы үшін пробиотикалық препарат Пробио Споринді, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін Биотурин, Биокенбид, Биомиколь және Биоларвицид атты биопрепараттарын жасап шығарудың технологиясы құрылды және олар игерілді. Барлық көрсетілген биопрепараттар ҚР ДжӘДМ мен АШМ-да тіркелу сынақтарынан өтті және Қазақстанда оларды қолдану рұқсат етілген. Осы биотехнологиялық өнімдерді өндірісте жасап шығару Степногорск қаласындағы Биопрепараттар мен вакциналар өндіру жөніндегі корпоративтік ғылыми орталықтың базасында игерілді, Корпоративтік орталықтың қатысушылары болып ҰБО мен «BIOTRON GROUP» ЖШС (Степногорск қ.) табылады.

    Күйіктерді емдеу үшін жасушалық препарат «Фиброспрей» әзірлеп шығарылды және ол Астана мен Қарағанды қалаларының медициналық мекемелерінде қабылданды. Препарат дәстүрлі емдеу әдістерімен салыстырғанда күйік жараларды регенерациялау процесін 2 есе тездетеді. Клиникалық сынаулардың бірінші фазасы Травматология және ортопедия ҒЗИ мен Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында жүргізілді.

    Жазылмайтын жараларды емдеу үшін «Ангиогенин» бірегей дәрілік препараты ойлап шығарылды. Клиникалық сынаулардың бірінші фазасы ҚР ДжӘДМ Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтында (Алматы қ.) жүргізілді.

    Варфарин тромболитика мөлшерін таңдау үшін генетикалық тест әзірленіп шығарылды және ол ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бекітілді, тесті Астана қаласының медициналық мекемелерінде қолданысқа енгізілді.

    Жаздық жұмсақ бидайдың өнімділігі жоғары 4 сорты «Қазақстан-20», «Ақ Орда», «Дархан-Дән» және «Шабыт» әзірлеп шығарылды. Ақмола, Қостанай, Павлодар мен Қарағанды облыстары жағдайларында конкурстық және экологиялық сорт сынаулар өткізілді, қазіргі уақытта көрсетілген сорттарды еліміздің түрлі өңірлерінде аудандастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Саңырауқұлақ ауруларына төзімді картоптың жаңа сорты «Астаналық» ойлап табылды. Мемлекеттік сорт сынаулар Ақмола және Алматы облыстарында жүргізілді.

    Ірі қара малдың бруцеллез ауруын экспресс диагностикалауға арналған иммунохроматографиялық тест-жүйесі әзірлеп шығарылды. Тест-жүйесі ҚР АШМ-да тіркелу сынағынан өтті және ҚР Ветеринарлық препараттар тізіліміне енгізілді. ҚР АШМ бруцеллез ауруын экспресс диагностикалауға арналған осы иммунохроматографиялық тестілерді 13 520 дана мөлшерінде 6,8 млн. теңге сомасына сатып алды.

    «Экобак», «Бакойл», «Лэбойл» және «Экоклин» мұнай ыдыратқыш-биопрепараттар ойлап шығарды. Биопрепараттар Маңғыстау мен Атырау облыстарының мұнай кен орындары аумағында мұнаймен ластанған 81 498 тонн топырағын тазарту кезінде өндірістік сынақтан өтті.

    «Қазкупер» ЖШС Бенқала кен орнында құрамында халькозин (мыс жарығы) бар рудалардан мысты бактериалды тотықтыру технологиясын әзірлеп шығарды және ол қолданысқа енгізілді. Бұл технологияны қолдану үйреншікті күкірт қышқылмен шаймалау кезінде алынатын 38%-бен салыстырғанда, 90 тәулік ішінде 70% мыс алуға мүмкіндік берді, күкірт қышқылы шығыны 40%-ға азайды.

    «ТМК Қазақалтын» АҚ–тың «Бестөбе» кен орнында негізгі құрамында алтын бар арсенопиритті концентратты үлкен бөшкеде бактериалды тотықтырудың технологиялық сұлбасы әзірленді және ол қолданысқа енгізілді. Нәтижесінде көрсеткендей, өңделмеген концентраттан алынған алтын 43%-ды құраса, ал бактериалды тотықтыру кезінде алтынның шығуы 95%-ға дейін артқан.

    «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ-қа қарасты «Семізбай-U» ЖШС кен орнында уранды биологиялық жолмен сілтісіздендіру технологиясы әзірленді және ол апробацияланды, онда технологиялық ерітінділердің температурасы төмен болуы салдарынан жерасты-ұңғымасынан уранды сілтісіздендірудің тиімділігі төмен проблемасы орын алған. Темір иондарының тотығу уақытын 3 тәуліктен 3,5 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік беретін темір тотықтырғыш микроағзалары бар бактериалды реактор апробацияланды.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.