Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі
Ақсуат ауылдық округі Ақжайық ауданының орта тұсында, Жайық өзенінің сол жағалауында орналасқан, солтүстігінде Ақжол, оңтүстігінде Алмалы ауылдық округтерімен, шығысында Жайық өзенімен, батысында Жаңақала аудандарымен шектеседі. Облыс орталығы Орал қаласынан 200, аудан орталығы Чапаев ауылынан 75 шақырым жерде. Округ құрамына Ақбұлақ елдімекені мен Сахарный қыстағы кіреді. Жер көлемі 122,4 га. Халық саны 648 адам. Тұрғындардың айналысатын негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Округте 24 шаруа қожалығы бар. Орал - Атырау тасч жолының бойында 4 дәмхана халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық округте 6 азық-түлік дүкені мен 9 әлеуметтік нысан (2 мектеп, ЫФАП, дәрігерлік пункт, 2 шағын орталық, мал дәрігерлік телім, әкімшілік, кітапхана) бар.Ауыл тұрғындары табиғи газ және таза ауыз сумен қамтылған.