"Переметный ауылдық округі" мемлекеттік мекемесі
Әкімдік туралы
Переметное ауылы аудан орталығы болып саналады, аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық - 38 км. Округтің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне 5 елді мекен Переметный ауылы, Болашақ ауылы, Қаражар ауылы, Поливное ауылы, Забродино ауылы кіреді. Округ аумағы 55 720 га құрайды.
Переметна ауылдық округі әкімінің аппараты әкімнің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, консультациялық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.