"Зеленов ауылдық округі әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі
Зеленов ауылдық округ аумағы 285 шаршы шақырымды құрайды. Орталығы Зеленый ауылы аудан орталығы Переметное ауылынан 12 шақырымда, ал облыс орталығы Орал қаласынан 50 шақырымда орналасқан. Округтің әкімшілік-аумақтық орналасуы: 1 елді мекеннен тұрады – Зеленый ауылы.
2024 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша халық саны 1610 адамды құрады. 12 астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
Зеленов ауылдық округі ауданның 3 ауылдық округімен Егіндібұлақ, Железнов, Переметный, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданымен шектеседі.
Зеленов ауылдық округі аумағынан 1 халықаралық дәрежедегі Уральск-Саратов автомобиль жолы және Ташкент-Саратов темір жолы өтеді.
Округте 1 күндізгі Зеленов жалпы білім беретін мектебі бар. Мектептің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай нығаюда.
Зеленов ауылдық округі ауыл шаруашылық аумағына кіреді - далалық, тұқым-мал шаруашылықты. Округте тұқым, мал азығы өндірісі, картоп және көкөніс егістері шоғырланған. Мұнда мал шаруашылығының сүт және ет бағытындағы шаруашылықтар жақсы дамыған.
Округте жер асты тұщы су қоры мол. Округтің қолайлы рельефін ескеріп, жел, күн энергиясын пайдалануға болады.
Зеленов ауылдық округі аумағынан Деркөл өзені өтеді.