"БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты" ММ
Әкімдік туралы
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі - әкімнің аппараты) қала әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Бөрлі ауданының әкімдігі бекітеді.
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппаратын Бөрлі ауданының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
- Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.