Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты
1. БҚО Бөрлі ауданыДостық ауылдық округі әкімінің аппараты(бұдан әрі- әкімнің аппараты) округ әкімінің (бұдан әрі- әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Респубикасының заңнамасында көзделген өзге де фунцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Предиденті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік қүқықтық актілерге, сондай- ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы блуға құқылы.
6. Достық ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Бөрлі ауданының әкімдігі бекітеді.
7. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы "Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Достық ауылы, Жамбыл көшесі, 1 үй, индекс 090305
8. Достық ауылдық округі әкімінің аппаратын Бөрлі ауданының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын жергілікті мекеме болып табылады.
10. Әкімнің аппаратына әкімнің аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді