Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
- Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі - әкімнің аппараты) округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Бөрлі ауданының әкімдігі бекітеді.
- Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қарақұдық ауылы, Абай көшесі 34, индекс 090316
- Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппаратын Бөрлі ауданының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
- Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.