"Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ

    Жалпы ақпарат

    «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қаратөбе ауданының оңтүстік шығысында орналасқан ауылдық округі әкімшілігі. Ауылдық округ территориясында Алакөл және Ақтай-сай елді мекендері орналасқан. Орталығы – Ақтайсай ауылы. Аудан орталығынан 35 км, облыс орталығынан 290 км жерде орналасқан. Құрылымы 1999 жылғы ҚР «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» заңның 24 бабына сәйкес Орал облысы әкімінің 14.02.1992 жылғы Жарлығымен жергілікті советтің өкілеттігі тоқтатылып, аталмыш заңның 48 бабына сәйкес аудан әкімініі 06.01.1994 жылғы №1-6 шешімісен Қаракөл ауылдық округтік әкімшілігі құрылған. Негізгі қызметі: Республика Заңдарының, Президент Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің қаулыларын жергілікті жерлерде орындалуының барлық шарасын алу, территориясындағы халықтың әлеуметтік – тұрмыстық жәйін қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде референдум, сайлаулар өткізу. «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылғанға дейін Қаракөл селолық әкімшілігі (қаңтар 1994 жыл), Қаракөл селолық Советі,оның атқару комитеті жұмыс жасады. Қаракөл селолық советі ең алғаш 1932 жылы құрылған.

    Бүгінгі таңда «Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

    1. «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
    2. «Жер усачкесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім еру».
    3. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».
    4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

    Округ аумағындағы тиімді мемлекеттік қызмет көрсетуді қалыптастыру процесін автоматтандыру үшін ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету (компютерлік жабдықтар)бұрышы мен eQoldau автоматтандырылған жүйесі орнатылған.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.