Саралжын ауылдық округі

    Әкімдік туралы

    Саралжын селолық советінің тарихы әріден басталады. 1927 жылғы мәлімет бойынша №21 ауыл Қарақамыс ауыл-дық кеңесіне қараған. Ал колхоздасты-ру кезінде 1938-1957 жылдар аралы-ғында Саралжын селолық советі болған. Оның жерінде «Айна», «Жаңатілек» колхоздары, 1952 жылдан ірілендіріл-ген «Ленин» колхозы болған. 1957 жы-лы колхоздар жойылып, совхоздар құ-рылған кезде Саралжын селолық со-ветін Аққозы ауыл советіне біріктірген. 1961 жылдың аяғында Саралжын сов-хозы құрылған соң ғана, яғни облыстық атқару комитетінің 04.05.1962 күнгі №233 шешімімен Саралжын советі қызметін қайта бастаған. Совхоз, негізі-нен мал шаруашылығымен, соның ішін-де қаракөл елтірісін өңдеумен шұғыл-данған.
    1988 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша селолық советіне қарасты Саралжын қаракөл совхозы мен оның 3 фермасында (№1 ферма, Сәуле, Бесотар ауылдары) 360 үй, 2151 адам, олардың жеке шаруашылықтарында 1180 бас ірі қара, 2525 қой, 305 ешкі, 178 бас жыл-қы болған. 1991 жылы 25 қаңтар күні ҚазКСР Министрлер Кабинетінің қаулы-сымен Саралжын қаракөл совхозына Мұхит Мералиев есімі берілген. 1993 жылдан бастап қоғамдағы өзгерістерге сай Мұхит совхозы жұмысын тоқтатып, оның жері, мүлкі негізінде Мұхит атын-дағы жалгерлік кәсіпорынға айналды. 1994 жылы ұжымдық кәсіпорын, 1996 жылы Мұхит атындағы өндірістік коопе-ратив болып құрылғанмен, бір жылға жетпей банкрот болып танылып, об-лыстық соттың шешімімен жойылған. ҚР-ның «Жергілікті өкілетті және атқа-рушы органдары туралы» Заңының 48-бабына сәйкес Саралжын ауылдық әкім-шілігі 1994 жылы 8 қаңтарда құрылып, әкім тағайындалды. Саралжын округі мен оған қарасты Қарақамыс,Сәуле еолі мекендері кіреді.Оңтүстік шекаралас аймақтары Атырау облысы мен шығыс бағытында Ақтөбе облыстарымен шектеседі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.