«ЖУСАНДОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ

    "Әкімдік туралы" Жусандыой ауылдық округ аудан орталығынан солтүстік батыс бөлігіне қарай 30 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер көлемі: 93461га. Мұрағаттық деректер бойынша Жусандой елді мекендері Сабынкөл болысына қараған, оның құрамында 8 ауыл болған. 1928 жылы 17 қаңтарда Қаратөбе ауданы құрылғанда құрамына 6 болыс енгізілсе, соның біреуі Сабынкөл болысы болған. 1912жылы шыққан «Памятная книжка и адрес календарь Уральской области»кітапшасында 01.01.1911жылы Сабынкөл болысы бойынша 8 ауыл болған.олардың халық саны-10121 адам деген дерек бар. 1928 жылдың 17 қаңтарында Қаратөбе ауданы ең алғаш құрылғанда құрамына,Жақсыбай,Қалдығайты,Сабынкөл,Байғұтты, Бұлдырты,Өлеңті болыстары енгізілген. 1940жылдан бергі деректер бойынша Сабынкөл ауыл советіне Жусандой,Қоғалыкөл,Бесоба колхоздары қараған. 1952жылы аталған колхоздар ірілендіріліп,біріктіріліп Жамбыл колхозы болып аталған. 1957 жылдан бастап колхоздар жойылып,совхозға айналғанда Жамбыл колхозы Қоскөл совхозына,ал 1957 жылы Қазақ ССР Жоғары советі президумының шешімімен Сабынкөл ауыл советі Егіндікөл ауыл советіне қосылған ал 1961 жылы Шөптікөл совхозы жаңадан құрылған кезде Жусандой елді мекенін Қоскөл совхозынан бөліп Шөптікөл совхозының бір бөлімшесі ретінде қалдырған. 1983 жылы 26 қыркүйекте Орал облыстық атқару комитеті шешімімен Жусандой селолық Советі болып қайта құрылған. Құрамына Жусандой, Ханкөл, Ақбас, Бекмағанбет ауылдары кірген.

    Ауыл туралы

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.