Жаңажол ауылдық округі

    Әкімдік туралы

    Жаңажол ауылдық округі 1963 жылы құрылған. Жаңажол ауылдық округінің аумағы 132514 гектарды құрайды. Оның ішінде: 35966,4 га. ауыл шаруашылығы жерлері, 18698 га. елді мекендердің жерлері, 53205,7 га. Мемлекеттік қор жері. Ақпәтер, Қараөзен, Жалпақтал, Көктерек, Бостандық, Казталов ауылдық округтерімен шектеседі.
    Орал қаласына дейінгі қашықтық - 270 шақырым. Аудан орталығына дейінгі қашықтық - 60 шақырым.

    Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты Жаңажол ауылы С.Датұлы көшесі No21 үйде орналасқан.
    Округ әкімі аппаратының жалпы штат саны 11 адамды құрайды, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметкер.
    Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының бір бөлмесінде «Қазпочта» АҚ филиалы орналасқан, жергілікті полиция қызметінің кеңсесі орналасқан және жұмыс істейді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.