"Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
«Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізге міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндетте рі
«Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
«Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауылдық округ әкімінің ведомствалық қарамағындағы аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
«Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасызету.
Міндеттері:
1)ауылдық округәкімінің нормашығармашылық қызметін қамтамасыз ету;
2)ауылдық округ әкімінің шешімдерін және өкімдерін қабылдау, олардытиісті ұйымдар мен азаматтарға уақытылы жекізу;
3)Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4)ауылдық округ әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасызету, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштерін қарастыру, келіп түскен құжаттарды талдау, мемлекеттік және басқа тілдердің қызметін қамтамасыз ету, азаматтар қабылдауын ұйымдастыру;
5)ауылдық округ әкімінің қатысуымен өтетін отырыстарды, мәжілістерді, семинарлардыөкізуді қамтамасызету;
6)мемлекеттік мекеме әкімшісі болып табылатын аудандық бюджеттік бағдарламалды бекіту үшін аудан әкімдігінің қарастыруына әзірлеу және енгізуді қамтамасыз ету.
Функциялары:
1)заңнамаға сәйкесшарттар жасайды;
2)өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер қабылдайды, мемлекеттік мекеме қызметкелеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді;
3)азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;
4)салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
5)әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекіті үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
6)азаматтар мен заңды тұлғалардың қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
7)өзқұзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
8)коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақавтомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
9)шаруа немесефермер қожалықтарын дамытуға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
10)өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай – ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
11)нотариалдық іс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;
12)тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
13)табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
14)қылмыстық-атқару инспекцичсы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетеді;
15)мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
16)қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
17)дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
18)мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени – бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
19)мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
20)халықтың әлеуметтік жағынан әлсізтоптарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
21)ауылдық денсаулық сақтау ұйымын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
22)жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымыныңдамуына жәрдемдеседі;
23)қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
24)шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
25)жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
26)шаруашылы0тар бойынша есепке алуды ж8зеге асырады;
27)жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
28)мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
29)өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
30)елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
31)туысы жоқ дамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
32)кәсіпқой емес медиатолардың тізілімін жүргізеді,
33)аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
34)мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады;
35)учаскелік полиция инспекторларының ерікті көмекшілерінің жұмысын ұйымдастырады;
36)мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатынтауарларды (жұмыстарды, көсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджетзаңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
37)басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға жәнемемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алуқұқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
38)берілген коммуналдықмемлекеттік кәсіпорындарқызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерінайқындайды;
39)берілген коммуналдықмүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
40)берілген аудандық коммуналдық заңдытұлғаладыбасқаруды жүзеге асырады;
41)жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруынаберілген аудандық коммуналдықмемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептелігін келіседі;
42)басқаруына берілген коммуналдыққазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
43)берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
44)кіріс көздерін қалыптастырады;
45)бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін- өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
46)бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасыныңжергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды.
47)жергіліктіқоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
48)елді мекеннің жерлерінде мал жайылымы орындарын белгілейді;
49)елді мекедераумағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;
50)тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы індеттері туындаған жағдайда, бас ветеринарлық – санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысымен аймақта карантин немесе шектеу қоятын іс-шаралар белгілеу туралы шеші қабылдайды;
51)тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін бас ветеринарлық – санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысына қарай карантин немесе шектеу қоятын іс-шараларын алу туралы шешім қабылдайды;
52)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ветеринарлық пунктерді қызмет бөлмелерімен қамтамасыз етеді;
53)қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округ әкімінің құзырына жатқызылған басқа да сұрақтарды шешеді;
Құқықтары мен міндеттері.
Осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін «Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1)тиісті аумақта бақарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мелекттік органдармен қарым-қатынстарда әкімнің, «Шыңғырлау ауданының Ақшат аылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғауға;
2)өз құзыреті шегінде шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды лауазымды тұлғалардан сұратып алуға;
3)Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын мезімінде сапалы орындауға;
4)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға.
«Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:
1)әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2)қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекттік қызмет көрсету;
3)Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру;
4)мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті оранға тиісті ақпарат ұсыну жатады.