Қарағаш ауылдық округі

    Әкімдік туралы

    Қарағаш ауылдық округі әкімшілігі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында жұмыстар атқарып келеді. Ауылдық округ бойынша жұмыссыздық пен кедейшілікті азайту және оңалту бағдарламасының орындалуы барысында 4 адам тұрақты жұмысқа орналасты . Күміс жас жобасы бойынша 1 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа – 5 адам орналастырылды.

    2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру аясында 3 жеке тұлға несие алды. Үш кәсіпкерліктің де жұмыстану бағыты сүтті сиыр бағып, өнімін сату. 2024 жылға «Ауыл аманаты» бойынша 7 жеке тұлға несие алуға ниеттенуде.

    Округімізде ауыл шаруашылығы саласына бет бұрушылар саны артып келеді. Бүгінгі таңда 36 шаруа қожалығы, 1 АШӨК (ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі), 3 ЖШС (жауапкершілік шектеулі серіктестік) және 1 жеке кәсіпкер тұрақты жұмыс жасауда.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.