Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Жаңабұлақ (2002 жылға дейін – Кожехарово) — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Құрамына Жаңабұлақ ауылы кіреді. Орталығы – Жаңабұлақ ауылы. Округ құрамында болған Қосшығыр ауылы 2021 жылы таратылған.

    Аумағы – 75,559 мың га.

    2024 жылғы 1 қаңтарына жағдай бойынша халық саны 991 адамды (2022 жылы -1029) құрайды.

    Аула саны – 284 (2022 жылы -284).

    Аудан орталығы - Чапаев ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Жайықтың оң жағалауындағы қамыс, құрақ аралас боз, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен шалғынды-қоңыр, қызыл қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.

    Іргесі 1946 жылы «Родник новый» ұжымшарының құрылуына байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Кожехарда және Қосшығыр ауылында 16 шаруа қожалығы мен 3 ЖШС-тер жұмыс істейді.

    Орта, орталау мектептер, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль және су жолы арқылы қатынасады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.