Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
- Нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
- бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
- экономикалық шоғырлануды реттеу;
бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру.
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген, бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған ұйымдардың актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) жолын кесу;
экономикалық шоғырлануға келісім алу туралы өтінішхаттарды қарау;
Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алу және оны жою;