ҚР ҚМ Республикалық бюджетті талдау департаменті
Жалпы ақпарат
Республикалық бюджетті талдау департаментінің негізгі міндеттері шығыстарға бюджеттік шолу жүргізуді және бюджеттік шығыстарды жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеуді; орта мерзімді кезеңге арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қалыптастыруға қатысуды; бюджетті жоспарлау сатысында республикалық бюджет шығыстарына талдау жүргізуді; бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру тізбесі мен көлемін айқындауға қатысуды; сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру және реформалау жөнінде ұсыныстар дайындауды жасайды.