Банктерді реттеу департаменті
Департаменттің негізгі міндеті:
1) Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын және дамуын, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру арқылы қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарының және заңды мүдделерінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кредиттік бюролардың қызметіне бақылау мен қадағалау;
2) банк қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат беру, оның ішінде банк қызметін лицензиялауды қамтамасыз ету (қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдарды қоспағанда), кредиттік бюролар қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат беру (беруден бас тарту) бойынша, банкті ашуға рұқсаттар рұқсат беру (беруден бас тарту) бойынша, банктер мен банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісімдер беру және қайтарып алу жөніндегі рәсімдерін жүзеге асыру.
3) уақытша әкімшіліктің/уақытша әкімшілердің және банкті тарату комиссияларының қызметін ұйымдастыру және олардың қызмет барысында заңнама талаптарын сақтауға бақылау жасау;
4) банк секторын реттеу және дамыту бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерін әзірлеу, әзірлеуге қатысу.