Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті
Жалпы ақпарат
Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
Департамент мынадай басқармалардан тұрады:
- Медициналық қызметтерге ақы төлеу әдістерін және тарифтерді қалыптастыруды жетілдіру басқармасы;
- Бюджетті жоспарлау басқармасы;
- Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу әдістемесі басқармасы;
- Корпоративтік дамуды мониторингтеу басқармасы