Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алу, қамтамасыз ету саласында және мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен шетел валюталар шоттары және де квазимемлекеттік секторларының субъектілері шоттары бойынша операцияларды өткізу салаларындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің аумақтық органы болып табылады.
Департамент өз қызметінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оларды жергілікті бюджеттер бойынша үйлестіру, жергілікті бюджеттерге түсімдерді бөлу нормативтерін жүргізу, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын мемлекеттік мекемелердің шетел валюта шоттарын, КСС шоттарын, аударым операцияларын жүргізу және оларды есепке алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен өзара қарым-қатынас жасайды.