ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті
Департамент:
- Екі жақты, көпжақты ынтымақтастық және хаттама басқармасынан;
- Интеграция және халықаралық шарттарды сүйемелдеу басқармасынан тұрады.
Мақсаты:
Министрлік реттейтін салаларда екі жақты және көп жақты негізде сыртқы экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Құқықтары мен міндеттемелері:
1) Департамент:
Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарында Министрлікке өкілдік етуге;
Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік және үкіметаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізуге;
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, оған бағынысты мекемелерден, салалық ұйымдардан және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан Департаментке жүктелген тапсырмаларды орындау үшін халықаралық іс-шаралар мен шетелдік іссапарлардың қорытындылары бойынша қорытынды және ұсыныстармен сыртқы экономикалық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде есептер мен хаттамалар және басқа да ақпараттар бойынша қажетті сапалы ақпаратты сұратуға және алуға;
халықаралық сипаттағы нормативтік құқықтық актілер мен басқа құжаттардың жобаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болмаған және/немесе сапасыз пысықталған жағдайда келісуден бас тартуға;
Министрліктің басшылығын сыртқы экономикалық ынтымақтастық шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен ұстанымдар мен ақпараттарды уақытылы емес және сапасыз пысықтау фактілері орын алған жағдайда хабардар ету;
басқа мемлекеттік органдар, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдармен ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларға орнатылған тәртіппен қатысу;
Қазақстан Республикасы СІМ-нің 005 «шетелдік іссапарлар» және 006 «өкілдік шығындар» бағдарламалары бойынша Министрліктің ақшалай қаражатын үйлестіруді және бөлуді жүзеге асыру;