Заң қызметі департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департаменттің функциялары:

    1) Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарауға, сондай-ақ Үкімет Аппаратында Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастама жасаған заң жобаларына енгізілетін депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Үкімет Аппаратында және Әділет министрлігінде Агенттік әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде қатысу;

    2) Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу;

    3) Агенттік Төрағасының тапсырмасы бойынша құқықтық актілердің жобаларын және құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды, соның ішінде құқықтық насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;

    4) Агенттік қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілерге түсіндірме беруге қатысу;

    5) Агенттік әзірлеген және қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді жүйелі есепке алуды ұйымдастыру;

    6) Агенттік құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерін орындауы жөніндегі қызметті үйлестіру;

    7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен жіберілетін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерін іске асыру жөніндегі Агенттік жоспарының жобасын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерінің іске асырылу барысы туралы ақпаратты келісу:

    8) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Агенттіктің норма шығармашылық қызметіне, оның ішінде құқықтық актілердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ескертулеріне талдау жасау, және оның нәтижелері туралы:

    норма шығармашылық қызметті жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстармен бірге Агенттіктің Аппарат басшысын;

    қабылданған шаралармен бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін хабардар ету;

    9) тиісті сот талқылауына алып келген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Агенттіктің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта бір реттен сиретпей талдау жүргізу және Агенттіктің Аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

    10) Агенттікте құқықтық мониторинг жүргізу жұмысын үйлестіру;

    11) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Агенттіктің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағым жасау жөнінде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметi туралы үлгi ережеге (бұдан әрі – Заң қызметі туралы үлгі ереже) қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына наразылық келтіру туралы өтінішхатпен жүгіну;

    12) Заң қызметі туралы үлгі ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге сот актілеріне апелляциялық, кассациялық шағым жасау құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және тиісті лауазымды адамға ұстанымды енгізу.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.