ҚР ҚМ Заң қызметі департаменті
Жалпы ақпарат
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті 4 басқармадан тұрады: нормативтік құқықтық актілерді құқықтық сараптау басқармасы, нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу және есепке алу, мониторингілеу, талдау басқармасы, мемлекеттік органның қызметін құқықтық қамтамасыз ету басқармасы, талап қою жұмысы басқармасы. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің негізгі міндеттері Министрліктің нормашығармашылық қызметін жүзеге асыру, Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу және есепке алу,мониторингілеу, талдау, Министрліктің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, талап қою жұмысын жүргізу болып табылады.