ҚР ҚМ Персоналды басқару департаменті
Жалпы ақпарат
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Персоналды басқару департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Конституцияны және Қазақстан Республикасының Заңдарын, өзге нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережені, Қаржы министрлігі бойынша бұйрықтарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрдің келісімі бойынша жауапты хатшы бекітеді.
Департамент мыналардан:
- Кадр жұмыстарын үйлестіру және талдау басқармасынан,
- Адам капиталын дамыту басқармасынан;
- Ведомстволық бақылау басқармасынан;