ҚР ҚМ Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаменті
Есептілік және мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасы департаментінің негізгі міндеттері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының жұмыс топтарында және комитеттерінде оны қорғауды ұйымдастыру; министрліктің құрылымдық бөлімшелері берген талдамалы материалдар негізінде мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын жиынтық талдауды жүзеге асыру; өңірлердің республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді игеруін жинау және талдау; мемлекеттік қаржы-қаражат статистикасын жүргізу және үйлестіру; бюджеттердің атқарылуы туралы есептілікті қалыптастыру және беру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелетін өзге де міндеттер.