Бағалы қағаздар нарығы департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосу;
2) бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне, БЖЗҚ-ға мемлекеттік қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген лицензиялау рәсімдерін жүзеге асыру;
3) бағалы қағаздар нарығының, БЖЗҚ-ның кәсіби қатысушыларының қызметін бақылау және қадағалау. Эмитенттердің мониторингі;
4) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын есепке ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі және дамуы бойынша жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу.