Стратегия және талдау департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департаменттің негізгі міндеттері:

    1) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қаржы жүйесіне деген сенімді және қаржы нарығындағы адал бәсекелестікті қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын стратегиялық дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

    2) Агенттік қызметінің стартегиялық және операциялық жоспарлауды жүзеге асыру, қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша орта мерзімді және ұзақ мерзімді құжаттар әзірлеу;

    3) қаржы секторын дамытудың үрдістерін мониторингтеу және талдау; оның жекелеген мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;

    4) қаржы секторын дамытудың негізгі қорытындылары мен үрдістері туралы мерзімді жарияланымдар, Агенттік қызметінің қорытындылары туралы есептік материалдар дайындайды;

    5) Агенттіктің мемлекеттік органдармен, кәсіби қауымдастықтармен, халықаралық ұйымдармен және басқа да мүдделі тараптармен қаржы нарығын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.