Стратегия және даму департаменті

    Жалпы ақпарат

    Стратегия және даму департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    Департаметтің құрылымын Министр, штат санын Министрліктің аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен бекітеді.

    .

    Департамент:

    1) Стратегиялық жоспарлау басқармасынан;

    2) Мониторинг және талдау басқармасынан;

    3) Жобалық қызмет басқармасынан;

    4) Өңірлік даму басқармасынан;

    5) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және дамыту басқармасынан;

    6) Қоғамдық денсаулық сақтау және ҰЕҚ серіктестік басқармасынан тұрады.

    Министрліктің құзыреті шеңберінде Департаменттің міндеттері:

    1) денсаулық сақтау саласындағы стратегияны, мақсаттарды, басым бағыттарды әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу, Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын талдау, іске асыру мониторинг;

    2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру бойынша ақпарат дайындау.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.