Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін үздіксіз жетілдіру, Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасында көзделген лицензиялау рәсімдерін жүзеге асыру;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру лицензияларынан айыруға байланысты тағайындалған уақытша әкімшіліктердің қызметін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметін заң талаптарына сәйкестігін бақылау, уақытша әкімшіліктер мен тарату комиссияларының қызметін ұйымдастыру және функцияларын орындау;
3) қадағалау жүзеге асырылатын сақтандыру нарығының субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау.