ҚР ҚМ Ішкі аудит департаменті
Жалпы ақпарат
Ішкі аудит департаментінің негізгі міндеттері қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру, сондай-ақ Министрліктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттерінің жетістіктеріне талдау жүргізу болып табылады.
Департамент ұйымдық жағынан басқа құрылымдық бөлімшелерге бағынысты емес, тек Министрге бағынады және есеп береді.