Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ішкі аудит департаменті
Жалпы ақпарат
Ішкі аудит департаменті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлiгiнің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрліктің қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру;
- Министрліктің стратегиялық құжаттарының, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды үйлестіру.