Халықты жұмыспен қамту департаменті

    Жалпы ақпарат

    Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

    Департаменттің мынадай басқармалары бар:

    1)Еңбек нарығын дамыту басқармасы;

    2) Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету басқармасы.

    Мақсаты: жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру.

    Функциялар:

    1) жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру жонінде ұсыныстар дайындау;

    2) жұмыспен қамту саласындағы салааралық үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

    3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде есепке алу және есептілік құжаттаманың нысандарын, жұмыспен қамту саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу;

    4) еңбек нарығын дамыту саласындағы негізгі бағыттарды қалыптастыру;

    5) жұмыспен қамту саласындағы ғылыми зерттеулерді қалыптастыру және басымдықтарды айқындау және оларды қолдауды үйлестіру;

    6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету;

    7) жұмыспен қамту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге арысу;

    8) қызметтің жетекшілік ететін салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

    9) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мониторингті жүзеге асыру;

    10) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға қатысу;

    11)жұмыс берушілердің жұмыс орындарын құру мен сақтауға мүдделілігін арттыру және жауапкершілігін күщейту бойынша ұсыныстар дайындауда жүзеге асыру;

    12) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысу және Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

    13) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық, анықтамалық және өзгеде материалдарды дайындау;

    14) Министрліктің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша қызметін үйлестіру;

    15) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұйымдастырылатын семинарларды, кеңестерді, өзгеде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, кеңестерге, семинарларға, жұмыс топтарына қатысу;

    16) Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

    17) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулықтардың, ұсыныстардың, түсіндірулердің дайындалуын қамтамасыз ету;

    18) Министрліктің басшылығымен Департаментке жүктелген өзге де функцияларды орындау.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.